Үйді тегін рәсімдейтіндер санаты белгілі болды (ВИДЕО)
Енді қазақстандықтар жалға тұрған баспананы өз атына тегін аудара алады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев маңызды заңға қол қойды. «Тұрғын үй саясатын реформалау» туралы заң жобасы біраз азаматтың баспана мәселесін оңынан шешіп, шапағаты тиетіні сөзсіз. Себебі құжатта пәтерге мұқтаж азаматтардың тұрғын үй жағдайларын жақсартуға арналған нормалар тізіліп жазылған. Тағы бір жаңашылдығы, ешбір санатқа енбеген азаматтар енді кезекке тұра алады. Ал заңның ең маңызды тұсы, осы уақытқа дейін сатып алу құқынсыз үйді алып, ай сайын ақысын төлеген кейбір санатқа жататындар енді бұл үйде тегін жекешелендіре алады. Бұл ретте 30% мөлшерінде бастапқы жарна төлеу қажет. Бұл туралы Хабар арнасындағы «ӘЛЕУМЕТ» бағдарламасында https://www.youtube.com/watch?v=VXg133pogHw&t=15s көрсетілді. Бағдарлама жүргізушісі Гүлнәзия Жалғасқызы Өнеркәсіп және құрлыс министрлігінен, мәжіліс депутатынан сұхбат жазып, нақтылаған.
«Қалдық құнынан 30 пайыз болу керек. Төлейсің де қалғанын 10 жылға созып тастайсың, оны 10 тосудың қажеті жоқ, банк жоқ, пайыз жоқ, үйдің қалдық құнын үлкен жеңілдік. 2017 жылы 10 млн босла, 20 млн тұр, 2,5 төлейді, одан артық қандай көмек? Тіпті ақшасы төлей алмай жатса, ешқандай тұра беруіне болады»,-дейді мәжіліс депутаты Ұлықбек Тұмашинов.
Заңда тағы бір тетік қарастырылған. Мемлекет жалға алушылар арасындағы 10 санатқа үйді тегін рәсімдеуге мүмкіндік беруде. Яғни, бұл азаматтар баспананы өзіне аудару үшін ақша төлемейді.
1) Соғыс ардагерлері;
2) Бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар;
3) Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысқандар;
4) Семей ядролық полигоны салдарынан зардап шеккендер;
5) Арал маңындағы экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккендер;
6) бұрынғы КСРО қорғау кезінде, оның ішінде Ауғанстанда әскери қызметін өтеу кезінде мүгедектігі бар адамдар деп танылған әскери қызметшілер;
7) 20 жыл өтілі бар әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың, және ішкі істер органдарының қызметкерлері, мүгедектігі бар балалар тәрбиелеп отырса – 10 жыл еңбек өтілі жеткілікті;
8) қызметін өтеу кезінде қайтыс болған әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың, және ішкі істер органдарының қызметкерлерінің отбасылары;
9) саяси қуғын-сүргiндер құрбандары;
10) ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер.