Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты сот: үкім өзгеріссіз қалды
Апелляциялық қаулы жарияланған сәттен бастап заңды күшіне енеді
Алматы қалалық сотының апелляциялық инстанциясы Нұрасыл Болаттың ісін қарады. Сот депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты бірінші инстанцияның шешімін өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Судья аппелляциялық қаулы жарияланған сәттен бастап заңды күшіне енетінін мәлімдеді.
"Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық сотының Болат Нұрасыл Дәулетұлына қатысты қаулысы еш өзгерусіз қалды. Сотталушы мен оның адвокаттарының жеке шағымы қанағаттандырылмады. Апелляциялық қаулы жарияланған сәттен бастап заңды күшіне енеді. Сонымен қатар кассациялық бақылауға жатпайды", – деп хабарлады судья Нұржан Қарабаев.
Сондай-ақ, Болат Нұрасылдвң сот үкіпін орындау тәртібін бұзғанын атап өтті.
"Бірінші сатыдағы сот оған бас бостандығын шектеу туралы үкім шығарған болатын. Бірақ Болат Нұрасыл сот үкімін орындау тәртібін бұзды", – деді апелляциялық сот алқасының судьясы Нұржан Қарабаев.