Мектепте жаңа жылда ақша жинауға бола ма: оқу-ағарту министрі жауап берді
- автор Томирис Тоныкөк
- 3 желтоқсан, 2024
- 387
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектептерде жаңа жылды қарсы алуға және мұғалімдерге сыйлыққа ақша жинауға бола ма деген сұраққа жауап берді. Бұл туралы үкіметте өткен брифингте айтылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
"Бұрын айтқанымды тағы нақтылайын, мектептерде ешқандай ақша жиналмауы керек. Бұған министрлік бұйрығы бойынша тыйым салынған. Мектептерде жиналу деген болмауы керек, тіпті олар мектеп бітіру кеші және шырша сияқты басқа да іс-шаралар болса да.
Кез келген іс-шараны ешқандай ақша жинаусыз өткізуге болады. Әсіресе олардың барлығы қабылданған "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында жоспарланғандықтан және кез келген іс-шара,өскелең ұрпақты тәрбиелеуге бағытталуға тиіс, көңіл көтеруге емес.
Мұғалімдер мен сыйлықтарға қатысты мұғалімдер күніне гүл сыйлауға бола ма – иә, рұқсат етілген сома бойынша гүл сыйлауға болады. Білуімше ұстаздар, ешкімнен сыйлық күтпейді. Біз, ұстаздар, ешқандай материалдық сый күтпей-ақ балаларды оқытып, тәрбиелеп жатырмыз", - деді министр Ғани Бейсембаев.