Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматы облысында әйелінің бетінен шапалақпен ұрған ер адам сегіз тәулікке қамауға алынды

Алматы облысында әйелінің бетінен шапалақпен ұрған ер адам сегіз тәулікке қамауға алынды
Сурет: actual.today
40 сағат қоғамдық жұмысқа тартылған ер адам әйеліне балағат сөздер айтқаны үшін, 8 тәулікке қамауға алынған

Қазақстандық бұрынғы күйеуін өзін бетінен ұрғаны үшін жазалады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы облысы Алакөл ауданының тұрғыны достарымен ауызашардан кейін бұрынғы әйелімен татуласуға бел буған. Ол оны кіреберісте күтіп тұрған. Бірақ олардың әңгімесі жанжалға ұласып, ер адам әйелдің бетінен шапалақпен ұрып жіберген.

Алакөл аудандық соты денсаулыққа зиян келтірмеген, бірақ соққы үшін кінәлі деп тапты. Бұл үшін ер адам 40 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды. Кінәсін мойындап, өкініп, пробация қызметінің есебінде тұрған

Алайда, жұмыстың бірінші күнінен кейін ер адам әйеліне әдепсіз сөздер айтқан. Бұл үшін ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Алакөл аудандық пробация қызметінің қызметкерлері сотқа қоғамдық жұмысқа тартуды қамауға алумен ауыстыру туралы ұсыныс жолдады. Аудандық сот өтінішті қанағаттандырып, орындалмаған 32 сағаттық қоғамдық жұмыстарға тарту сегіз тәулікке қамауға алумен ауыстырылды.

 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар