Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Үш жасқа толуы керек еді»: Тасқында жұртқа көмектескен ақылды итті біреулер атып өлтірген

«Үш жасқа толуы керек еді»: Тасқында жұртқа көмектескен ақылды итті біреулер атып өлтірген
Сурет: Видеодан скриншот
Ит денесіне қадалған инемен үйіне оралған

Атырау облысындағы тасқында жұртқа көмектескен батыр итті белгісіз біреулер атып өлтірді. Пшөн есімді үй жануары көктемгі су тасқыны кезінде құм тасып, бөгет салуға үлесін қосқан еді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК жаңалықтарына сілтеме жасап.

Ит иесінің айтуына қарағанда, оқиға осыдан бес күн бұрын болған. Үйдің ауласынан шығып кеткен жануарды ит аулаушылар атқан екен. Ит денесіне қадалған инемен үйіне оралған. Алайда жануардың иесі оны аман алып қала алмай, ит көп ұзамай өліп қалған.

Айта кетейік, Пшөн есімді батыр ит осы айда үш жасқа толуы керек еді. Ал жергілікті әкімдіктегілер аймақта қараусыз иттердің саны көбейгендіктен, аулау жұмыстары күшейтілгенін айтып отыр. Мамандардың бұл әрекетінің заңды-заңсыз екенін құзырлы орган өкілдері тексеріп жатыр.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар