Басты жаңалықтар

Астанада сауда орталығында әйелдің қолын эскалатор шайнап тастады

56-58 жас шамасындағы әйел есінен танып қалған

Астанадағы сауда орталықтарының бірінде эскалатор әйелдің қолын шайнап тастады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Суреттермен Tengrinews.kz сайтына оқырмандары жіберген. Олардың сөзінше, бұл оқиға Сарыарқа даңғылындағы «Караван» сауда орталығында болған.

Куәгерлердің айтуынша, 56-58 жас шамасындағы әйелдің қолы эскалаторда қысылып қалған.

«Әйел эскалаторда көтеріліп бара жатқанда сүрініп кеткен. Сол уақытта, оның қолын шайнап жіберген. Қолы қатты жыртылып, қан кету басталды. Ол есін жоғалтып алды», - делінген куәгерлердің хатында.

Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылды. Қазір жәбірленушінің жағдайы анықталуда.