Әйеліне ашуланған 41 жастағы ер адам кішкентай қызын аяусыз ұрды (ВИДЕО)
Журналист ер адамның әйелге зорлық-зомбылық көрсетуі көрші елде де басым боп тұрғанын айтады
Белгілі журналист Гүлмира Әбіқай ер адамның кішкентай қызын ұрып жатқан видеосын жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бейнежазбада өз қызын аяусыз ұрып жатқан ер адам «жылама, жыласаң ұрамын» деп ескерту жасаған. Айтуынша, бұл оқиға көрші ел Қырғызстанның Ноокен аумағында болған.
"Біртуған қазақ пен қырғыз қатыгездік, зорлық-зомбылық жағынан бір-бірінен қалысар емес. Қырғызстанда да әйелді өлімші етіп сабау, құлақ-мұрнын кесіп алу, ұрып өлтіру үдеп келеді. Енді тирандар өзінің туған қыздарына көшті. Оқиға көрші елдің Ноокен аумағында болған. Әйелін ұрып-соғып қуып жіберген мына әкесымақ қайтпасаң қызды ұрамын деп қоқан-лоқы жасап видео жіберген. Полиция 41 жастағы еркекті қамағанын естіп уһ дедім. Бұл видеода мына кішкентай қыздың бауырын аядым. Шамамен, 8-9 жасар ұл бала іштей тістеніп, әкесіне қой деуге бата алмай, жастықты бетіне жауып, бүк түсіп артында жатыр», — деп жазды журналист.