Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Бәріміз де қыз асырап отырмыз»: Мәжілісте қыз алып қашу мәселесі көтерілді

«Бәріміз де қыз асырап отырмыз»: Мәжілісте қыз алып қашу мәселесі көтерілді
Сурет: aikyn.kz
Депутат қыз алып қашу - қоғамдық дерт деп атады

Мәжілістің бүгінгі жалпы отырысында депутаттар қыз алып қашу мәселесін көтерді. Бұл мәселе "Мәдениет туралы заңға өзгерістер енгізу туралы" заң жобасын қарау барысында талқыланды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Депутат Мұрат Әбенов қазіргі әндердің сөздерін сынға алды.

"Өткен аптада Астанада бір университет студенттерімен кездестім. ...Қыз балалар маған бір ролик көрсетті. Қыз баланы алып қашқан. Қасында біреу көндіріп, "өз еркіммен келдім деп жаз" деп айтып отыр. TikTok-та тұр. Барлығы мазақ қылып, соны айтып жатыр. Құқықбұзушылық. Нағыз заңбұзушылық", - деді ол.

Сондай-ақ, мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин де бұл мәселеге тоқталып, «алып қашу – қоғамдағы үлкен дерт» деп атады.

"Бәріміз де қыз асырап отырмыз. Ол - етек алып кеткен жағдай. ХХІ ғасырда әке-шешесімен келіспей, қызбен сөз байласпай, көшеден көрінген адамды салып алу тауар емес, зат емес, ол адам ғой. Оның тағдырына әсер етеді. Бұл заң аясында қаралатын нәрсе емес шығар, бірақ Парламенттің төрінде қоғамдағы кез келген өзекті мәселе талқылануы керек деп Президент айтқан жоқ па? Жігіттерді түсінбеймін. Қыздың көңілін таба алмайтын жігіт не қылған жігіт?! Көшеге барып, қызды бүктеп-бүктеп салып алады деген... Менің үш қызым бар. Алдынан өтіп, сөз байласып, құда түсіп алғанды бәріміз де жақсы көреміз. Мынау - қоғамдағы үлкен дерт. Қылмыстық жауапкершілік қарастырылуы керек" - деді ол.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар