Бес баланың анасы бокстан Азия чемпионатында жеңіске жетті
Әйгерім Сәттібаева жақында ғана Қарағандыда өткен «Мықтылар турниріне» қатысып, чемпион атанды
Ұзақ уақыт үзілістен кейін ұлттық құрамаға оралған Әйгерім Сәттібаева Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі 1bol.kz сайтына сілтеме жасап.
33 жастағы жерлесіміз ширек финалда Филиппиннің жас спортшысы Магно Офелиядан басым түсті. Енді отандасымыз 7 желтоқсан күні жартылай финалда өзбекстандық Фарзона Фозиловамен өзара мықтыны анықтайды.
Бұған дейін ол 2010 жылы Астана төрінде өткен Азия чемпионатында 51 келіде қола жүлдегер атанған. Әйгерім Сәттібаева – 5 баланың анасы. Сондай-ақ Азия чемпионы Олжас Сәттібаевтың жұбайы.
Жуырда ғана Қарағандыда өткен «Мықтылар турниріне» қатысып, чемпион атанды.