Тоқаев екі заңға қол қойды
Екі заңның мәтіні баспасөзде жарияланады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев екі жаңа заңға қол қойды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2025-2027 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Мемлекет басшысы «2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, – делінген ақпаратта.
Екі заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.