Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ұлттық банк төрағасы доллардың қымбаттауы неге апарып соғатынын айтты

Ұлттық банк төрағасы доллардың қымбаттауы неге апарып соғатынын айтты
Сурет: exk.kz
Қазақстанның айырбастау пункттерінде доллар 525 теңгеге сатыла бастады

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов теңгенің әлсіреуі инфляцияны күшейтетінін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Сенатта сөз сөйлеген Ұлттық банк басшысы биыл Ұлттық қордан тікелей трансферттер көлемі 5,6 трлн теңгені құрағанын айтады. Ал қордан алынған қаражат 6 трлн теңгеден асады.

"Бұл ретте Ұлттық қордан алынған қаражаттың көлемі де, бағыттары да маңызды. Ұлттық қордан бөлінетін қаражат қазақстандық тауарлардың көлемін арттыруға, нақты жобаларды қаржыландыруға бағытталуы тиіс. Бұған қоса бұл шығындардың сапасы, тиімділігі және өнімділігі өте маңызды. Бәрімізге мәлім, жақында АҚШ долларына қарсы теңге әлсіреді. Бұл қосымша инфляциялық фактор. Бұл инфляцияға күтулерге әсер етеді", – дейді Тимур Сүлейменов.

28 қарашадағы Қазақстанның айырбастау пункттерінде доллар 525 теңгеге сатыла бастады. 18 қарашада Қазақстанның айырбастаушыларындағы доллар бағасы 500 теңгеден, ал 26 қарашада 503 теңгеден асқан еді.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар