Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қостанайда жоғалып кеткен 14 жастағы қыз Көкшетаудан табылды

Қостанайда жоғалып кеткен 14 жастағы қыз Көкшетаудан табылды
ашық дереккөз
Қостанайлық полицейлер іс-түссіз жоғалған алматылық қызды екі күннен кейін тапты.
"Қостанай қаласы ішкі істер басқармасының қызметкерлері із-түзсіз жоғалып кеткен 14 жастағы қыздың қайда екенін анықтады", — деп хабарлады Қостанай облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. Оқушы қыз 11 шілдеде үйден шығып, белгісіз бағытта кетіп қалған. "Іздеу шаралары кезінде кәмелет жасына толмаған қыз Көкшетау қаласынан табылды. Ол жаққа Қостанай полицейлері шықты, қыз жуық арада үйіне жеткізіледі", — деді полициядағылар. Айта кетейік, бұған дейін Алматыдан Қостанайға қонаққа барған қыздың 11 шілде күндіз Әл-Фараби даңғылындағы үйінен шығып, қайтып оралмағаны хабарланған еді.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар