Қазақстандық көлік жүргізушілері жаңа ереже бойынша нені білуі тиіс екені айтылды
Алматы полициясы тағы да жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды, тәртіпті арттыруды және жол қозғалысының басқа қатысушыларын құрметтеуді еске салады
Бір күн бұрын жол қозғалысының жаңа ережелері күшіне енді. Жүргізушілерге қандай жағдайда жауапкершілік күшейетінін Алматы полициясы өкілдері түсіндірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, жаңа ереже бірінші кезекте жол қауіпсіздігін арттыруға және жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға бағытталған.
Бұдан былай:
қосылмаған жарық шамдары үшін Әкімшілік құқықбұзушылық турлы Кодекстің 602-бабының 1-бөлігіне сәйкес бірінші рет тек ескерту беріледі. Бір жыл ішінде қайталап жасалған құқық бұзушылық үшін айыппұл 5 АЕК құрайды.
көлік құралдарының жылдамдығын 60 км/сағ немесе рұқсат етілген жылдамдықтан асырғаны үшін 40 АЕК мөлшерінде айыппұл салу түріндегі қатаң әкімшілік жауапкершілік енгізілді (ҚР ӘҚбК-нің 592-бабы, 3-1-бөлігі). Ал бір жыл ішінде қайталап жасалған жағдайда – 60 АЕК.
көлік құралын басқаруға рұқсаты жоқ және рұқсат алмаған, көлік құралын басқару барысында алкогольге, есірткіге және уытқұмарлық масаң күйде болғаны үшін жауапкершілікке тартылған адамдар мұндай куәлікті алуға емтихан тапсыруға жеті жылға дейін жіберілмейді. ("Жол қозғалы туралы" заңның 74-бабының 2-1-тармағы).
"Алматы полициясы тағы да жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды, тәртіпті арттыруды және жол қозғалысының басқа қатысушыларын құрметтеуді еске салады. Әрқашан белгілі аксиоманы есте сақтаңыз: жол қателіктерді кешірмейді", - деді, Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция Басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Асхат Құлбаев.