Қоғам

“Шығын 10 миллионға жеткен”: Ер адам сүйіктісіне несие алғызып, алдап кеткен

Ер адамның бұған дейін де осындай алаяқтық әрекеттері үшін сотталғаны белгілі болды

Алаяқтықтың құрбаны болған өскемендік 27 жастағы бойжеткен полицияға жүгінді, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Жәбірленушінің айтуынша, бұрынғы бірге тұрған жігіті әртүрлі себептермен бірнеше рет ақша сұраған. Белгілі уақытта қайтаруға уәде берген. Алайда жалпы шығын шамамен 10 миллион теңгеге жетеді. 

Қазір полиция алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр. Ер адамның бұған дейін де осындай алаяқтық әрекеттері үшін сотталғаны белгілі болды. 

"Құқық қорғау органдары азаматтарға қаражатын қарызға беру мәселесінде аса мұқият болуды ескертеді. Тіпті бұл өтініш жақын таныстарыңыздан түссе де, қаржылық шешім қабылдамас бұрын жан-жақты ойланып, тәуекелдерді бағалаңыз. Егер күмәнді жағдайға тап болсаңыз немесе алаяқтық әрекеттің құрбанына айналсаңыз, дереу полицияға хабарлауыңызды сұраймыз", - делінген хабарламада.