Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Келестегі анасы мен қызының өлімі: экс-мұғалімге сот үкімі шықты

Келестегі анасы мен қызының өлімі: экс-мұғалімге сот үкімі шықты
Сурет: ашық дереккөздерден
Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ

12 қыркүйек күні Келес ауданы Бір тілек ауылында болған жантүршігерлік оқиғаға нүкте қойылды. Анасы мен қызының өліміне экс-мұғалімнің кінәлі екені анықталды. Енді 29 жастағы азамат өз жазасын өмірінің соңына дейін түрмеде өтейді, деп хабарлайды KYN.KZ. 

Анасы мен сіңлісінен айырылған келіншек сот үкімімен келісетінін жеткізді. 

“Бүгін соттың соңғы отырысы болды. Бұған дейін көптеген қиындықтар болды. Отырымқа келіп тұрып қайтадан шегерілген күндер болды. Әділ шешім деп есептеймін. Қылмыскер өмір бойына бас бостандығынан айырылды”, - дейді марқұмның қызы. 

Дегенмен сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ. Енді айыпталушы тарап алдағы 15 күннің ішінде аппелляциялық шағым беруге құқылы. Жәбірленуші тараптың адвокат Жандос Еркінұлы өз кезегінде сот тарапынан талап арыз толығымен қанағаттандырылғанын айтты.

"Алқабилердің қатысуымен өтті. Қазіргі кезде сот үкімі заңды күшіне енбегендіктен, айыпталушы тарапқа сот А есімді азаматқа қатысты өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Сот тарапынан біздің арызымыз толығымен қанағаттандырылды. Яғни, талап арызымыз 50 миллион деп айтқан болатынбыз. Сот біздің уәждерімізді толығымен қанағаттандырды", - дейді адвокат Жандос Еркінұлы.

Еске салсақ, қоғамда резонанс тудырған оқиға қыркүйек айында болған еді. Алғашында 16 жастағы оқушыға хат жазып жүрген мұғалім осы әбестігінің кесірінен жұмыстан қуылған. Алайда қылмыскер көп ұзамай анасы мен қызының өмірін қиды.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар