Мәдениет

“Абьюзер болатын”: Нағима Есқалиеваның ұлы анасының екінші рет тұрмысқа шыққаны туралы айтты

Мені өзін “әке” деп айтуға мәжбүрлеп еді

Отандық әнші, блогер Диас Аблаев анасы Нағима Есқалиеваның екінші рет тұрмысқа шыққанын және ол неке сәтсіз болғанын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы ол Тимур Балымбетовке берген сұхбатында айтып берді. 

“Ата-анам мен кішкентай кезімде ажырасқан. Бір сәті ғана есімде. Жаңа пәтерге көшіп келгенде, әкем үйге кірген жоқ. Анам маған қарап “Балам, бәрі бітті” деп айтты. Әкем есікті жауды да кетіп қалды. Мен екеуінің ұрсысып жатқанын еш уақытта көрмеппін. Енді үшеуміз бірге тұрмаймыз деп мүлдем ойламадым. Бала болғасын, әкем келгенде бірге ойнаймыз деп ойлап жүрдім. Бірақ әкем сол кеткеннен анама қайтып келмеді. Сол кезде-ақ түсіндім”, – деді Диас.

Айтуынша, анасы екінші рет тұрмысқа шыққан. Алайда өгей әкесімен қарым-қатынасы нашар болған. 

“Әкем кеткен соң анам екінші рет тұрмыс құруға шешім қабылдады. Ол кездерді еске түсіру өте ауыр маған. Көп жерде айтқым келмейді. Бір жағынан ол кісі қайтыс болып кетті. Мені өзін “әке” деп айтуға мәжбүрлеп еді. Анама бұл кісімен қалса, өте қауіпті әрі қиын екенін ескерттім. Абьюзер болатын”, – деді әнші.