«-28 градусқа дейін аяз»: демалыс күндері кей өңірлерде бұрқасын қар жауады
Қазақстанның кейбір өңірлерінде күн суытып, аяз күтіледі
Қазгидромет демалыс күндерге арналған ауа райы болжамын жасады. Кейбір өңірлерде бұрқасын қар жауады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы күтіледі, қар жауады, елдің шығысында қатты қар жауады, бұрқасын күтіледі, оңтүстік өңірлерде жаңбыр соңы қарға ауысады. Таулы аудандарда қатты жауын-шашын болады.
Шығыс, оңтүстік және орталық аймақтарда көктайғақ болады деп болжануда. Елдің батысы мен солтүстік-батысында кең ауқымды Скандинавиялық антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Ауа температурасы түнде елдің батысында 5-13 аязға дейін, солтүстік-батыста 13-25 аязға дейін, еліміздің солтүстігінде 20-25 аязға дейін, Қазақстанның орталығында 15-28 аязға дейін, республиканың шығысында 18-26 аязға дейін, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде 8-21 аязға дейін біртіндеп төмендеуі күтіледі.