Басты жаңалықтар

Сібір жарасы: Атырауда орталық базардың ет павильоны жабылды

Базардың ет өнімдерін сататын бөлігі қашан ашылатыны әзірге белгісіз

Атырауда күйдіргі кеселіне байланысты орталық «Дина» базарының ет павильоны жабылды. Санитарлық дәрігерлердің айтуынша, мұнда пышақтың сабынан сібір жарасының бактериясы табылған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК жаңалықтарына сілтеме жасап.

«Дина» баразындағы ет сату орындарының бірінде Сібір жарасына күдік шықты. Бас дәрігер қаулы шығарды. «Дина» базарының ет сату павильоны уақытша жабылды. Дезинфекция жүргізілді, толықтай және екінші рет қайтадан сынама алынды. Оның нәтижесі — теріс», - Атырау облысы санитария-эпидемиологияны бақылау департаменті басшысының орынбасары Алтынгүл Аймұратова.

Мамандардың айтуынша, дезинфекциядан кейін алынған сынамалардан бактерия табылмаған. Бірақ базардың ет өнімдерін сататын бөлігі қашан ашылатыны әзірге белгісіз. Десе де қаладағы эпидемиологиялық ахуал тұрақты дейді мамандар. Санитарлар кеселдің кең таралуын тоқтату үшін қаладағы ет сататын 65 сауда нүктесін бақылауға алған.