Калейдоскоп

“Тұман түсіп, көктайғақ болады”: еліміздің үш өңірінде қар жауады

Күндіз бұлтты, қар жауады, тұман түседі, жолдар көктайғақ болады

Синоптиктер бүгін 8 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

«Елдің шығыс жартысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, оңтүстік-шығыс пен шығыста да қар жауып, көктайғақ болады», - деп хабарлады «Қазгидромет» РМК .
Антициклонның әсерінен республика бойынша тұман күтіледі. Батыста, оңтүстікте және шығыста – жел күшейеді.

Астанада көшпелі бұлт шығады, кей уақытта аздап қар жауады. Солтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -16-18°, күндіз -12-14°.

Алматыда қар жауады. Күндіз бұлтты, қар жауады, тұман түседі, жолдар көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан 0-5 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -3-5°, күндіз -3-5°, одан әрі төмендейді.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады. Кей жерлерде қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде және күндіз -3-5°.