Қоғам

ШҚО-да кейбір қызметкерлердің жұмыс уақыты өзгеретін болды

Әкімнің сөзінше, мұндай шешімді үкімет қабылдаған

ОКҚ алаңындағы брифинг барысында Шығыс Қазақстанның әкімі Ермек Көшербаев кейбір қызметкерлердің жұмыс уақыты өзгеретінін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Көшербаевтың сөзінше, мұндай шешімді Үкімет қабылдаған.

«Үкімет қабылданғаннан кейін біз оны орындауымыз керек. Әрине, кейбір тұрғындардың қиындықтары туған шығар. Балаларды кешке жақын мектептен алып кетеді. Иә, әрине ондай болады. Бірақ уақытты өзгертпесе де, егер қазір ескі уақыт қайтса, таңертең қараңғы кезде балаларды мектепке апарар едіңіз. Сол балаларды кешке жақын алар едіңіз. Мен оны айтып отырғаным. уақытқа байланысты – бірнеше мерзімде оған үйрену керек деймін бір жағынан. Екінші жағынан, әрине, тұрғындардың ой-пікірлерін біз тиісті министрліктере жеткіздік. “Осындай қиындықтар туып жатыр, соған қалай қарайсыздар, мұны қарастыру керек” дедік. Қазір бұл сұрақ Үкіметпен шешілген. Уақытымыз өзгертілген», – дейді әкім.

Сонымен қатар, қазіргі кезде әкім облыс тұрғындарын жаңа уақытқа үйрету мәселелерін қарастырып жатқанын жеткізді.