Қоғам

Ақтөбе облысында әскери комиссар өз-өзіне қол жұмсады

Өз өзіне қол жұмсаған әскери комиссар ешқандай оғаш қылық көрсетпеген

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының әскери комиссары өз қызметтік кабинетінде асылып қалды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Ratel.kz порталына сілтеме жасап. 

Оқиға 8 желтоқсан кешке болған. Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент бұл туралы ешқандай түсініктеме бермеді.

Анық болғандай, өз - өзіне қол жұмсаған әскери комиссар ешқандай оғаш қылық көрсетпеген. Ішімдікке әуес болмаған, темекі шекпеген. Суицид отбасылық мәселелерден туған деген нұсқа бар.

Бір ай бұрын Богословка полигонында 30238 әскери бөлімінің Павлодардан шақырылған мерзімді қызметтегі сарбазы Ярослав Боровец тәуліктік кезекшілікке түскен. Артиллериялық оқ-дәрілер сақталатын жеке қойманың аумағындағы 1-бекетте 3-ауысымда тұрған кезде, АК-74 автоматымен өзіне оқ атып, бетін жаралаған.