«Ажырасқан әйелдерді түсінгендеймін»: Жанқош Тұраровтың әйелі көпшіліктен өзіне қолдау күтетінін жеткізді
Спортшының әйелі жан сырын ақтарып, желіде жазба жариялады
Қыз зорлады деп айыпталған белгілі боксшы Жанқош Тұраровтың әйелі, блогер Клара Иса желідегі парақшасында жазба жариялап, көпшіліктен қолдау күтетінін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Айтуынша, ол ешуақытта ақшадан таршылық көрмеген. Алайда, әйел адамының өз табысының болу керектігін енді түсінгенін жеткізді.
“Тұрмыс құрғанға дейін әкемнің табысына өмір сүрдім. Тұрмысқа шыққаннан кейін жолдасымның табысын ойланбай шашып, өмір сүрдім. Менің ойыма осы күнге дейін өз табысың болуы керек деген ой кірмепті. Жұмыс немесе тіршіліксіз отырған емеспін. Бірақ оны тек хобби деп қана қарадым. Әйел адамның өз табысының болуы маңызды дүниелер қатарында екенін түсіндім. Өмірде түрлі жағдайлар болады. Тірлік жасаймын деген адамдарға қаншалықты қолдау білдіру керегін ұқтым. Ажырасқан әйелдерді қалай тау қопаратынын көріп, түсінгендеймін. Мен сіздерден қолдау күтемін”, – деп жазды боксшының әйелі.