Алматыда жолаушы автобус жүргізушісіне шабуыл жасады (ВИДЕО)
Құқық бұзушы қамауға алынған
Әлеуметтік желіде жолаушының автобус жүргізушісіне шабуыл жасаған видео тарады. Ол қоғамдық көліктің әйнегін сындырған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Оқиға Алматы қаласында №120а бағытындағы автобуста болған.
Алматы полициясының мәліметінше, бұл факті бойынша Әуезов аудандық полиция бөлімі тергеу жүргізіп жатыр.
"Құқық бұзушының жеке басы анықталып, бірден қамауға алынды. Қатысушы тұлғаның әрекетіне құқықтық баға беріледі", – делінген хабарламада.