Қоғам

Астанада қызметкерлерінен қазақ тілін талап етпеген кофехана жабылып қалды

Кофехана парақшасына бүгін уақытша жұмыс істемейтінін жазып қойған

Астанада кофехана жұмысын уақытша тоқтатуға мәжбүр болған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Qazaq cofee кофеханасына барған бір азамат қазақ тілінде қызмет көрсетілмегені үшін ескерту жасаған. Бұны кофехананың 2gis парақшасына “қазақ тілінде мәзір жоқ” деп жазған. 

Кофехана кешірім сұраған. Алайда кемшілікті түзетудің орнына орыс тілінде қазақ тілін білуді қызметкерлерінен талап етпейтінін айтқан.

«Менің персоналым қазақ тілін білуге міндетті емес. Мұндай жерде қазақ тілі толыққанды қолданылмайды. Тіпті құжаттың өзі 50-де 50 орыс және қазақ тілінде жүргізіледі», – деп жауап берген кофехана әкімшілігі.

Осыдан кейін 15 мыңға жуық адам пікір қалдырып, бәрі де 4,8 балымен үздік кофехана болып тұрған Qazaq cofee парақшасына  “1” деген бағаны қойып кеткен. Барлығы қазақ тілін талап еткен.

Кофехана парақшасына бүгін уақытша жұмыс істемейтінін жазып қойған.