Ел алдында өзіне қол салмақ болған Қаржаубайды полиция әкетті (ВИДЕО)
Қаржаубай Нұрымов: Інімді өлтірген адамдарды көрген куәгерді полиция тығып отыр.
Бүгін, 10 желтоқсанда сағат 15:30-да Алматы облысы Азат ауылында жерлеу рәсімінде қоғамдық тәртіп пен айналасындағылардың, оның ішінде кәмелетке толмаған балалардың қауіпсіздігіне қауіп төндірген оқиға болды, деп хабарлайды Алматы облысы полиция департаменті.
Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов прокурордың заңдылықты сақтау туралы түсіндірмелерін елеместен, өзін өте агрессивті ұстаған, айналасындағыларға қауіп төндіріп, суицид жасаймын деп қорқытқан.
Азамат Н. прокурордың заңдылықты сақтау туралы түсіндірмелерін елеместен, өзін өте агрессивті ұстай бастады, айналасындағыларға қауіп төндіріп, суицид жасаймын деп қорқытты. Сондай-ақ, полиция қызметкеріне пышақпен шабуыл жасады. Оның мінез-құлқы өзіне де, айналасындағыларға да қауіп төндірді. Азамат Н. жағдайына алаңдаған туыстары мен адвокаттарының өтініші бойынша оның өмірі мен айналасындағылардың өміріне зиян келтірмеу мақсатында полиция қызметкерлері оны ұстау үшін шаралар қабылдады. Азамат Н. ең аз қажеттілік күшпен құрақталды. Қазіргі уақытта ол полиция бөліміне жеткізілді, онымен психологтар жұмыс істеп жатыр,- деді Алматы облысы полиция департаментінің ресми өкілі Меруерт Морякова.
Полицейлер жағдайды тұрақтандыру жұмыстарын жалғастырып, азаматтарды сабырға шақырып жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде Қаржаубай Нұрымов жүк көлігінің төбесіне шығып алып, журналистермен кездесуді талап еткен видеосы тараған еді. Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, оқиға Нұрғанат Гаипбаевты (Шерзаттың ағасы) Азат ауылында жерлеу кезінде болған.