Әпкесі Нұрқанаттың өзі өлмегеніне, хатты өзі жазбағанына дәлелдер айтты (ВИДЕО)
Әпкесі: Ол оқыған адам. Олай қате-қате смс жазбайтын.
Бақыт Реймова інісі Нұрқанаттың өліміне қатысты өз шындығын айтты. Оның сөзінше інісі сай жағалап, алысқа барып өлмесе де болатын еді. Одан қалды қоштасу хаты бір мезетте 4 адамға бірдей келген. Әрі бәрі де өте қате жазылған. Осы себептерді алға тартқан әпкесі бұл жерде бір шикілік барын жеткізді, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
"Қорғау есебінде ағамдарды біз қалаға көшірген едік. Қазір бұл үйде ешкім жоқ. Ағам өзі келген. Өлетін болса сол үйде асылып өлмейді ма? Ол үйде кедергі жасайтын ешкім жоқ. Тағы бір жайт, СМС-ті бір мезетте төрт адамға жіберген.00:24-тте төрт адамға жіберген. Нұрғанат ешқашан жазу түрінде смс жібермейтін. Ол үнемі аудио жазады. Одан кейін ол, медицинаны бітірген, оқыған-тоқыған адам. Қатесіз жазатын. Ол тек дыбысты смс жазады, жазып отырмайды. Ана жерде смс-тері айдан анық, отбасымыздағы төрт адамға жіберген",-дейді Бақыт Реймова