«Қыс мезгілінде ауруханаға жатамын»: Баян Мақсатқызы 25 жыл бойы ауруымен күресіп келгенін айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- 10 желтоқсан, 2024
- 3.6k
Белгілі продюсер Баян Мақсатқызы денсаулығына қыс мезгілі жақпайтынын түсіндіріп, сол үшін күн суытқанда жылы жаққа қоныс аударатынын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Айтуынша, қыс мезгілі сайын ауруханаға жатады екен. Отандық дәрігерлер оған созылмалы бронхит диагнозын қойған.
“25 жылдан бері қыс мезгілінде ауруханаға жатамын. Бұл сұмдық емес пе?! Отандық дәрігерлер созылмалы бронхит деп диагноз қойған болатын. 25 жылдан бері күресіп келемін. Пневмония болып ауырғаннан кейін екі жыл денсаулығым қалыпқа келмеді. Сондықтан қыс келсе, мен қатты қорқамын”, – дейді продюсер.
Алайда еуропалық дәрігерлер оның диагнозы аллергия екенін айтқан.
"Еуропалық дәрігерлер менің диагнозым “созылмалы бронхит емес” екенін айтты. Ал мен жыл бойы сол диагнозға тағайындалған дәрілермен емделіп келдім. Менің диагнозым – аллергия екен. Маған салқын ауа жақпайды. Сол үшін мен қыста жылы жақтарға кетемін. Шетелдік дәрігерлер де мұхит пен теңізі бар елдерге баруға кеңес берді”, – деді Баян Мақсатқызы.