Қоғам

«Әлі толық түсіне алмаймын»: Айтбек Амангелді Шерзаттың әкесінің ұсталуына қатысты пікір білдірді

Ол заңгер мен психологтан ақпарат күтіп отырғанын айтты

Құқық қорғаушы Айтбек Амангелді Шерзат Болаттың әкесінің ұсталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Айтуынша Қаржаубай Нұрымовқа БАҚ өкілдерімен сөйлесуге ешкім тыйым салмаған. Бұл туралы ол өзінің instagram парақшасында бөлісті.

«Қаржаубайға БАҚ өкілдерімен сөйлесуге ешкім тыйым салған жоқ. Егер оны сұрағанында мен оны ұйымдастырып беретін едім. Кез келген БАҚ өкілдерімен байланыстыра аламын. Бұл мәселе емес», – деді Айтбек. 

Құқық қорғаушы да не болып жатқанын өзі түсінбей қалғанын айтады.

«Мен не болып жатқанын әлі толық түсіне алмаймын. Себебін анықтау керек. Мен өзім Алматыда, орталықтамын. Қазір ол жерге жету үшін маған 2 сағат кетеді. Сондықтан мен әзірге заңгер мен психологтан ақпарат күтемін», – деді құқық қорғаушы.