Басты жаңалықтар

Шерзат Болаттың әкесі мен әпкесі қамалып, тағы бір әпкесі айыппұл арқалады

Бақыт Реймова Қазақстан азаматы болмағандықтан депортацияланды.

Әкімшілік сот шешімімен Шерзаттың әкесі Қаржаубай бұзақылық бабы бойынша 15 тәулікке қамалған. Адвокаттары шешімге шағым түсіретінін айтты. Қаржаубайдың қарындасы Бақыт та 15 күнге жабылған. Оған митинге шақырды деген айып тағылған. Сондай-ақ ол ел азаматы болмауына байланысты Қазақстаннан депортацияланады.

Одан бөлек Қаржаубайдың тағы бір қарындасы Салтанатқа 20 АЕК айыппұл салынды. Жездесі Айғазыға байланысты сот бүгін таңертең өтеді.

Мұндай шешім кеше Қаржаубайдың інісі Нұрқанат Ғайыповтың жерлеуінен кейінгі оқиғаларға байланысты шыққан.

Нұрқанат Ғайыпбаевті қара жерге тапсырғаннан кейін Қаржаубай Нұрымов пен оның туған-туыстары құқық қорғау органдары қызметкерлерінен тағы да әділ тергеуді талап етіп, жолға шығып, наразылықтарын жеткізген.

Оқиға барасында полиция Қаржаубайды “қоғамдық тәртіп пен айналасындағылардың, оның ішінде кәмелетке толмаған балалардың қауіпсіздігіне қауіп төндірді” деп сол жерде ұстап, Еңбекшіқазақ ауданының полиция басқармасына жеткізген.

“Азамат Н., прокурордың заңдылықты сақтау туралы түсіндірмелерін елеместен, өзін өте агрессивті ұстай бастады, айналасындағыларға қауіп төндіріп, суицид жасаймын деп қорқытты. Сондай-ақ, полиция қызметкеріне пышақпен шабуыл жасады. Оның мінез-құлқы өзіне де, айналасындағыларға да қауіп төндірді. Азамат Н. жағдайына алаңдаған туыстары мен адвокаттарының өтініші бойынша оның өмірі мен айналасындағылардың өміріне зиян келтірмеу мақсатында полиция қызметкерлері оны ұстау үшін шаралар қабылдады” деп түсіндірген полиция Қаржаубайдың ұсталуын.