Смайылов мыңнан аса адам кәсіпкер ретінде тіркелмей 1,5 млрд теңге субсидия алғанын айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- 11 желтоқсан, 2024
- 199
Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов субсидия алу бағытында қандай заңсыздықтар тіркеліп жатқанын айтып берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Әлихан Смайылов субсидия алу бағытында тіркелген заңсыздықтардың бәрі құқық қорғау органдарына берілетінін айтады. Заңсыздықтар Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде және Ұлытау облысында болған. Смайылов мың жарым адам 1,5 млрд теңге мөлшерінде субсидия алғанын, алайда олар салық органдарында кәсіпкер ретінде тіркелмегенін айтады. Түркістан облысында 15 субъект 225 млн теңгеге жалған шот-фактуралар арқылы жоқ инвестиция субсидия алған. Абай облысныда екі кәсіпорын сатып алынбаған ауыл шаруашылығы техникасы үшін 131 млн теңге алған. Сонымен бірге, ауыл шаруашылығы министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың 8 қызметкері әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Тағы сол қатардағы 320 адам бар дейді Смайылов.
5 жыл ішінде субсидиялауға бюджеттен шамамен 2 трлн теңге бөлінген. Алайда бірқатар жүйелі проблемалар олардың әсерін шектеп отыр.
Смайыловтың мәліметінше, 5 жыл ішінде субсидиялауға бюджеттен шамамен 2 трлн теңге бөлінген. Алайда бірқатар жүйелі проблемалар олардың әсерін шектеп отыр дейді ол. Сөзінше, жалпы аудит нәтижелері бойынша 142 млрд теңге бюджет қаражатының тиімсіз жоспарланғаны және пайдаланылғаны, 2 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталған. Экономикалық шығындар мен жіберіп алған пайда шамамен 5 млрд теңгені құраған. Бюджетке 2 млрд теңге өтеліп, қалпына келтірілген. 4 факт бойынша материалдар құқық қорғау органдарынат жіберіледі.