“Ешқайсыңызды сынамай-ақ қойсын”: түрмеден шыққан актер Асқар Жұмабеков қалай қиналғанын айтты (ВИДЕО)
Ол ата-анасына, бауырларына, достарына алғысын білдірді
Төбелеске қатысқаны үшін 6 жыл, алты айға қамалған актер Асқар Жұмабеков бостандыққа шықты. Ол желіде жазба қалдырды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Өнер иесі басынан өткен қиындықты дұшпанына да тілемейтінін жеткізді.
“Бүгін жақындарым, достарым келіп отыр. Бәріңе Алланың нұры жаусын! Маған істеген жақсылықтарың өздеріңе екі еселеніп қайтсын. Жақсы күндеріміз көп болсын. Ешкімнің басына түспесін, мұндай сынақпен ешқайсыңызды сынамай-ақ қойсын. Мұндай нәрсені жауыма да тілемеймін. Бәрің мен үшін жүгірдіңдер. Білемін. Сендерге басымды иіп тұрып, рақмет айтамын. Папа, мама, бауырларым сіздерге де рақмет! Бауыр деген орны бөлек. Сіздерге деген ризашылығым шексіз. Бәрі жақсы болатынына 200 пайызға сенімдімін", – деді актер.
Еске салсақ, Алматыдағы Little Brazil караоке-барында олигархтар Бахарадин Әбләзімов пен Дінмұхамет Ыдырысовтың ұлдары қатысқан жаппай төбелес орын алған. Оның ішінде актер Асқар Жұмабеков те болған.