Талғардағы Шерзат Болаттың өлімі: жасөспірімнің тағы бір туысы қамауға алынды
Қаржаубай Нұрымовтың күйеубаласы 15 күнге қамауға алынды
Талғарда аяусыз өлтірілген 16 жастағы Шерзат Болаттың тағы бір туысын қамауға алынды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Адвокаттардың айтуынша, Қаржаубай Нұрымовтың күйеу баласы 15 тәулікке қамауға алынған.
"Қаржаубайдың күйеу баласы Айғазыға қатысты әкімшілік сот өтті. 15 тәулікке қамауға алынды", – деді отбасының адвокаттары.
Айта кетсек, бұған дейін Талғарда төбелес кезінде 16 жастағы Шерзат Болат қаза тапты. Араға көп уақыт салмай жасөспірімнің үйін белгісіз біреулер өртеп кетті. 9 желтоқсан күні Талғардың шетінен Қаржаубай Нұрымовтың інісі Нұрғанат Ғайыпбаевтың денесі табылды. Бұл оқиғадан соң Шерзаттың әкесі қолына пышақ ұстап, өзіне қол жұмсайтынын айтқаны үшін 15 тәулікке қамауға алынды.