Басты жаңалықтар

Салтанат Нүкенованың ағасы Шерзат Болаттың отбасы қауіпсіз жерге көшірілгенін айтты

Қаржаубай Нұрымовтың отбасына әкімдіктің тарапынан ешқандай көмек берілмеген

Құқық қорғаушы Айтбек Амангелді Шерзат Полаттың отбасы қауіпсіз жерге көшірілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Алайда қайда көшірілгені туралы ақпаратты бермейтінін айтты.

“Біз отбасыны басқа аймаққа ауыстырдық. Қазір отбасы жаңа үйде, қауіпсіз жерге көшірілді. Біз бұл ақпаратты жарияламаған едік. Нақты қай жерге көшірілгенін айтпаймыз, бұл жариялауға жатпайтын ақпарат”,  – деді Айтбек Амангелді. 

Отбасының адвокаты Саида Тәуекелова әкімдік тарапынан ешқандай көмек болмағанын атап өтті.

“Әкімдік үй беру бойынша ұсыныс жасаған болатын. Сол жерде үй салып береміз деген еді. Бірақ өртенген үйдің орнын тазалау жұмыстары бойынша да көмек көрсеткен жоқ. Тіпті әкімдіктен келіп, Қаржаубайдың көмектен бас тартатыны туралы айтқанын видеоға жазып аламыз деген. Қаржаубай бұл жағдайды түсінбей, ешнәрсе қажет емес екенін жеткізді”, – дейді отбасының адвокаты Саида Тәуекелова.