Қоғам

«Шерзат үшін»: Астанада ер адам плакат ұстап, көшеге шықты

Алматы облысының прокуратурасы тұрғындарды рұқсат етілмеген митингтерге қатыспауға шақырған болатын

Астанада ер адам көшеге «Шерзат үшін» деген жазуы бар плакат ұстап шықты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Astanovka98 Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Бірақ көп ұзамай Мәңгілік Ел мен Қонаев көшелерінің қиылысында пикетке жалғыз шыққан азаматты полиция қызметкерлері ұстап әкетті.

Осыған дейін Алматы облысының прокуратурасы тұрғындарды рұқсат етілмеген митингтерге қатыспауға шақырған болатын.

«Мұндай іс-шараларды ұйымдастыру және оған қатысу заңды өрескел бұзу болып саналады және ол үшін әкімшілік (ӘҚБтК-нің 488-бабы) және қылмыстық (ҚК-нің 400-бабы) жауапкершілік қарастырылған», — деді Астана қалалық полиция басқармасы. 

Айта кетсек, Шерзат Болаттың әкесінің үстінен қылмыстық іс қозғалды.  Бүгін отбасының адвокаты кейбір ақпаратты жоққа шығарды.