Мәдениет

«Бір отбасы қырылып жатқанда қарап отыру надандық»: Роза Әлқожа Талғардағы оқиға өзін қатты толғандырып жүргенін айтты

Осылай өле бере ме? Не үшін өліп жатыр айтпақшы? Сол бір бөтелке сыра үшін бе бәрі?

Әнші Роза Әлқожа Талғардағы оқиғаға қатысты өз ойын жазды. Ол бір отбасының қырылып жатқанына бей-жай қарап отыра алмайтынын жеткізді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

«Адам сенбес, ой жетпес оқиға!.. Тіпті, айтуға сөз жоқ сияқты?! Біз баламызға батыр бол, өжет бол, қайсар бол деп тәрбиелеп жүрміз. Ал, мына оқиғалардан соң озбырлардан қаш, құқығыңды қайтесің, қара басың аман болсын дейтін халге келдік!.. Өкінішті. Заң қайда, закон қайда? XXI ғасыр сияқты еді ғой, қай заманға түсіп кеттік??? Ана ретінде, осы қоғамның мүшесі ретінде бізді қазір үрей билеп тұр. Ары қарай не болады деген?! Осылай өле бере ме? Не үшін өліп жатыр айтпақшы? Сол бір бөтелке сыра үшін бе бәрі??? Кімнің кім екенін құдай шешер. Бірақ, бір отбасы қырылып жатқанда қарап отыру надандық сияқты?! Әй, аңды да бұлай азаптамайды ғой???», — деп жазды ол.

Желі қолданушылары Роза Әлқожаның сөзін қолдап, әншілердің алғашқылары болып Талғардағы оқиғаға қатысты пікір білдіргеніне қуанды.