Басты жаңалықтар

Мендей қыздардың сырты ғана жылтыр: Өзінен 21 жас үлкен азаматқа тоқал болған ару өкінішін жеткізді

ОҚО-ның 29 жастағы тұрғыны өзінің басынан кешкен тағдырын баяндап, жан сырымен бөлісті.

"Жасым 29-да. ОҚО-ның тұрғынымын. Ата-анамды жерге қаратқаныма, тоқал болғаныма қазір өкінемін. Мен де ақымақтықпен өзімнен 21 жас үлкен азаматпен кездесіп жүрдім. Ол менің артымнан жас баладай жүгірді біраз. Бүгінде бірінші әйелі кіші қызымен бірге тұрады. Ал үлкен қызы шетелде оқиды. Осының бәрін біле тұра, пәк күйімде оған тоқал болуға келістім. Ал қазір кеткім келеді. Алайда мені күйеуім жібермейді. "Менің тоқалым екеніңді бәрі біледі. Сені енді ешкім алмайды. Ешкімге керек емессің. Менсіз жеңіл жүріске салынып кетесің" деп айтады", - деген әйел бойжеткендерге өзінің қателігін қайталамауға кеңес берді. "Қазіргі қыздарға айтарым, менің тағдырымды қайталамаңыздар! Біреудің күйеуіне қызығудың керегі жоқ. Қалтасындағы ақшасына қарап, үлкен азаматтарға жабыспаңыздар! Мен сияқты қыздардың беттері ғана жылтыр. Ал іштері өкінішке, көздері жасқа толы", - деді бейтаныс келіншек Instagram парақшасында.