«Шерзат жайлы жазбаса отписка жасаңдар»: Айгүл Орынбек халыққа үндеу жасады
Видео түсіріп айқайласа болды, халық мені қолдап мәселе шешіліп кетеді деп ойласаңыздар қателесесіздер!
Белгілі заңгер Айгүл Орынбек әлеуметтік желіде «за Шерзата» деген мағынада тарап жатқан арандату видеоларына заң жүзінде тыйым салуды сұрады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ол бұл 16 желтоқсанға қарсы халықты көшеге шығару үшін әдейі жасалып жатқан дүние болуы мүмкін екенін алға тартты.
«Араңдап қалмаңыздар, соңғы күндері тик-ток, инстаграм желісінде “за Шерзата”, деп халықты көшеге шақыру видеолары кеңінен таралуда.
Тіпті оқырмандары көп блогерлерді, “Шерзат жайлы жазбаса отписка жасаңдар”, деп айдап салуда.
Талғардағы оқиға елімізге ылаң салғысы келіп отырған сыртқы күштерге және іштен іріткі жасағысы келгендерге керемет құрал болып тұр.
16 желтоқсанға қарсы халықты көшеге шығару үшін әдейі жасалып жатқан дүние болуы әбден мүмкін.
Әйтпесе бұндай әділетсіз тергеліп жатқан қылмыстық істер еліміздің барлық аймағында болып жатыр.
Жылы үйде жатып алып, анау жаққа неге бармайсың, мына жақты неге қолдамайсың деу бәріміздің қолымыздан келеді.
Халықтың жүгін көтеру оңай емес, әр аймақта жазықсыз өліп жатқан адам көп!
Елдің алдында резонанстық істерді алып жүру екінің қолынан келе бермейді.
Видео түсіріп айқайласа болды, халық мені қолдап мәселе шешіліп кетеді деп ойласаңыздар қателесесіздер!
Ел алдыңда әрбір жазылған жазбаңа заң алдында жауап бересің!
Сол себепті әрбір жазбаларыңызға абай болыңыздар, араңдап қалмаңыздар!
Дәл қәзір Шерзаттың отбасына көмек көрсетіп жатқан қорғаушылар мен қоғамның жүгін арқалағысы келген Салтанаттың ағасы бар!
Мойнына алдыма жұмысының нәтижесін көрсетсін!», - деп жазды Айгүл Орынбек.
Сонымен қатар ол Сыртқы істер министірі Мұрат Нұртілеуге үндеу тастады. Халықты көшеге шығуға үгіттеп жатқан видеоларға тосқауыл қоюға қандай шаралар жүргізіліп жатқанын сұрады.
«Шет елдің блогерлері біздің ішкі саясатымызға неге араласады?
Біздің халықты көшеге шығуға ашық шақырып жатқан видеолары тик- токта өте көп. Оларға тиым салуға қандай жұмыстар жасалып жатыр?!
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті
ҚР Бас прокуратурасы / Генеральная прокуратура РК
Тик-ток желісіндегі халықты көтеріліске шақыру видеолары бойынша қандай жұмыстар жасап жатсыздар?
Шұғыл түрде жұмыс істеңдер!
Мен бейбіт елде өмір сүргім келеді!», - деп жазды.