“Кәсіп бастауды жөн көрдім”: Сырым Исабаев 10 жылдан кейін сахнаға қайта оралды
Қайрат екеумізге айтылған әңгіменің бәрі жалған
Бір жылдары танымал болған әнші Сырым Исабаев 10 жылдан кейін сахнаға оралды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
“1001 түн” бағдарламасында қонақ болған әнші сахнадан кетуінің себебін түсіндірді.
“2014 жылы соңғы рет концерт беріп, сахнамен қоштастым. Негізгі мамандығым – бухгалтер. Сол салаға бет бұрғым келді. 2005 жылы өнерге араласа бастадым. Қайрат Нұртаспен дуэт жаздық. “Алып қашу операциясы” деген кино да түсірдім. Халық жылы қарсы алды. Бірақ дипломым бойынша жұмыс істегім келді. Сөйтіп кәсіп бастауды жөн көрдім. Екі демалыс аймағы мен жасөспірімдерге арналған білім беру сауықтыру кешенін аштым. Әлі де жұмыс істеп тұр”, – деді әнші.
Бұдан өзге Сырым Исабаев сол уақытта Қайрат Нұртаспен болған жанжал туралы да айтты.
“Қайрат екеумізге айтылған әңгіменің бәрі жалған. Мен 10 жылға жуық өнерден кетсем де, сол достарымды сақтап қалдым. Мен ән айтып жүріп, Қайраттың анасының көзіне түсіе қалғанмын. Сондай кезде дуэт жазу идеясы ойға келеді. Бір жыл ішінде бірнеше ән жазып, бейнебаян түсірдік. Жобаларымыздың бәрі халықтың көңілінен шықты. Қайраттың таланты керемет. Қанша жыл сахнада жүр, әлі де берері көп азамат”, – деді Сырым Исабаев.