“Шерзаттың әкесі 3 жылдан 7 жылға дейін сотталуы мүмкін” - журналист
Шерзаттың әкесі Қаржаубай 10 млн теңгеден 25 млн теңгеге дейін айыппұл төлеуі мүмкін
Шерзат Болаттың әкесі 3 жылдан 7 жылға дейін сотталуы мүмкін немесе 10 млн теңгеден 25 млн теңгеге дейін айыппұл төлейді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы журналист Руслан Өтепбай әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
“Қазір ғана келіп түскен ақпарат. Алматы облысы полиция департаментінің айтуынша, Шерзаттың әкесі Қаржаубай 10 млн теңгеден 25 млн теңгеге дейін айыппұл төлеуі мүмкін немесе 3 жылдан 7 жылға дейін сотталуы мүмкін", - деп жазды ол.