Қоғам

“Дикий Арман” ісіне қатысты сот үкімі қашан шығатыны белгілі болды

Мемлекеттік айыптаушы сотталушыларға ұзақ мерзімді жаза тағайындауды сұрады

Арман Жұмагелдиевке қатысты сот тергеуі аяқталды. Бұл туралы Арман Жұмагелдиевтің авдокаты Олег Чернов мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Сот талқылауы басталды. Авдокаттың айтуынша, сот үкімі келесі жылдың басында шығады.

“Арман Жұмагелдиевке қатысты сот тергеуі аяқталды.  Мемлекеттік айыптаушы сотталушыларға ұзақ мерзімді жаза тағайындауды сұрады. 2025 жылдың қаңтар айының басында шешім шығатын болады”, – дейді Олег Чернов. 

Бұл іс бойынша айыпталушылар қатарында Алматы қалалық маслихатының бұрынғы депутаты, кәсіпкер Қайрат Құдайберген мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті полковнигі Руслан Ысқақов та бар.