Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ақмола облысында "Чмо" деп балағаттап, теуіп салатын шенеунік жұмысынан қуылды

Ақмола облысында "Чмо" деп балағаттап, теуіп салатын шенеунік жұмысынан қуылды
ашық дереккөз
Мәдениетсіз шенеуніктер қатары толықты. Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы мәдениетсіздігінен әбден мезі болған жұмыскерлер ол бізді кемсітіп қана сөйлейді деп, шағымданды.
Мәдениетсіз басшы "чмо" деп қана қоймай тіпті, бір қызметкеріне аяғын көтеріп, теуіп жіберіпті. Алайда, үстінен шағым түсіп, ісі тәртіптік кеңесте қаралған Мадина Дүйсенбаева өзіне қарсы айтылған дәлел айғақтарға қарамастан, соңына дейін ақталуға тырысты, деп жазды 31 арна. Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің білдей басшысы Мадина Дүйсенбаева осы күнге дейін басшылық міндетін атқарып, мамандардан жауап алып келген болса, осы жолы өзі жауапқа тартылды. Дүйсенбаеваның қол астында қызмет ететіндердің айтуынша басшыларының дөрекі сөйлеп, дауыс көтеруі алғаш емес, бұл тіпті үйреншікті жағдайға айналған. Анау-мынау емес, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде басшы болып отырған шенеунік қол көтеріп, қызметкерлерді тебуден де арланбайтын көрінеді. «Үнемі азғырып, жұмыс істеуге мұрша бермейді. Үстел басында отырған мені соғып, қағаздарды шашып тастады. Көтерейін деп ыңғайланғанда мені аяғымен теуіп қалды»,- дейді Сандықтау аудандық мәдениет бөлімінің маманы Талған Кәкімов. Басшыларынң үстінен шағып түсірген мамандар Дүйсенбаеваға қатысты айтылған сөздердің шынайылығын дәлелдеу үшін аудио жазба ұсынды. Олар тапсырған жазбада Мадина Дүйсенбаеваның қызметкеріне дауыс көтеріп, намысына тиетін сөздер айтқаны анық естіледі. Алайда, «жазбада мен емеспін» деп ақталған Мадина Маратқызы нақты дәлел келтіре алмады. «Аудиожазбалардағы дауыс менікі емес. Оны дәлелдеу керек. Кәкімов айтып отырғандай, 1 мамыр күні ешқандай кикілжің болған жоқ. Ал Оспанова қызметіне лайықты болмағандықтан 5 маусым күні жұмыстан шығарылған. Енді міне барлығын естідім-көрдім деп маған қарсы қасақана куәлік етіп отыр»,-деп ақталды Сандықтау ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бұрынғы басшысы Мадина Дүйсенбаева. Алайда, өзіне шаң жуытпай сонша ақталған шенеунік тәртіптік кеңес мүшелерінің шешімімен қызметінен қуылды. Мәдениетсіз басшы қанша ақталғанымен, одан қорлық көрген мамандар оның ісін дәлелдейтін айқақтар көрсетіп, Дүйсенбаеваның айтқан сөздерін дәлелдей алды.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар