Маңғыстау облысында әкімдік ғимаратында өз-өзін өртеген ер адамның жағдайы белгілі болды
Дәрігерлер әзірге ештеңе айтпайтынын жеткізді
Маңғыстау облысы әкімдігінің алдында өзін өртеген ер адамның жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
16 желтоқсандағы жағдай бойынша науқастың жағдайы өте ауыр екенін реанимация орталығы мәлімдеді.
“Ер адам тыныс алуын сақтау үшін жасанды желдету аппаратына қосылған”, – делінген хабарламада.
Дәрігерлер әзірге ештеңе айтпайтынын жеткізді.
Еске салсақ, осыған дейін 5 желтоқсанда Маңғыстау облысы әкімдігінің алдында ер адам өзін өртеп жіберген болатын. Бұл туралы видео әлеуметтік желіде тарады. Маңғыстау облысы әкімдігінің мәліметінше, ер адам облыс әкімінің қабылдауына кіргісі келген.