Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Менімен де, Қайратпен де ақылдасқан жоқ»: Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімованың қателігін айтты

«Менімен де, Қайратпен де ақылдасқан жоқ»: Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімованың қателігін айтты
Сурет: Ашық дереккөздерден
Үй алынбай жатса да, миллион теңгеге жалдап тұрып жатыр

Қайрат Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыз Әбдікәрімованың пәтеріне қатысты дауға пікір білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.  

Бұл туралы Гүлзира Айдарбекова Tik-Tok әлеуметтік желісіндегі тікелей эфирі кезінде айтты. Ол көпшіліктің көкейінде жүрген сұраққа жауап берген.

 "Алданып қалды. Ол жерде менімен де, Қайратпен де ақылдасқан жоқ. Өзі де кішкене көріп жатыр. Өз қателігін мойнымен көтеріп, ол да тырысып жатыр. Кішкене басына тигені жақсы. Әр нәрсенің қадірін біледі. Ол үй де оңайшылықпен келген жоқ. Қайрат екеуміз неше күн, неше түн ұйықтамай, концерт беріп, дизайнермен ремонт жасап, жиһазын алып берген үй ғой. Кішкене көрсін. Қайраттың бала-шағасы үйсіз қалмайды. Жұлдыз да үйсіз қалмайды. Бірақ арасына уақыт керек. Үй алу оңай емес. Ол да қымбат үй болды. Мен үйімнен айырылып қалсам, ертең барып ала салатын оңай дүние емес. Оның артында Қайраттың еңбегі тұр. Қайрат да адам. Сол үшін артық сөздің керегі жоқ", - деді Айдарбекова.

Продюсер ұлының Жұлдыз Әбдікәрімова мен балаларына барынша көмектесіп жатқанын алға тартты.

«Сіздер уайымдамай-ақ қойыңыздар. Үй алынбай жатса да, миллион теңгеге жалдап тұрып жатыр. Үш айда үш миллион төлеп қояды. Бала-шағаның барлығы қымбат мектептерде оқиды. Үш ай сайын 4,5-5,5 млн теңге төлейді. Шопырына да төленеді. Қайраттың тарапынан бар жағдай жасалып жатыр. Сол үшін мені, Қайратты кінәлап керек жоқ. Қайрат бала-шағасын үйсіз қалдырмайды. Құдайға шүкір отбасын, Жұлдызды жақсы көреді. "Сені сүйем" деген әндер босқа шыққан жоқ. Жұлдыз да менің алғашқы қызығым. Ол қандай болса да менің келінім. Сол себепті мен қолымды кесіп, оны жамандап отырмаймын ғой. Бәрі менің бала-шағам, менің ұрпағым. Қазір Жұлдызға 100 мың доллардың үйінде отырады деп тұрсыз ба?! Олар жақсы нәрсеге үйренгеннен кейін қымбат үйді қалайды. Ол үшін Қайратқа қаншама жұмыс істеу керек. 30-50 мың доллардың үйіне тұрмайды. Ондай үйге тұрса қазір-ақ әперер едік. Пенде болған соң бәрінде қателік болады", - деді ол.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар