Қоғам

Шерзат Полаттың әкесінің қамаудан қашан шығатыны белгілі болды

Шерзат Полаттың әкесі әкімшілік соттың шешімімен 15 тәулікке қамалған болатын

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов марқұм Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовтың желтоқсан айының соңында бостандыққа шығатынын мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ол тергеушілердің Шерзат Полаттың өліміне қатысты 11 қылмыстық іс тергеп біткенін және іс материалдары осы жылдың соңына дейін екі тарапқа танысуға берілетінін айтты.

«Шерзат Полаттың әкесі әкімшілік соттың шешімімен 15 тәулікке қамалған болатын. Сот шешімі бойынша осы айдың соңында, мерзімі өткен соң босайды», - деді ол.