Мәдениет

«Атқан адамдардың аты жақында белгілі болады»: Мақпал Жүнісова марқұм Нұрқаділовтің ақталатынына сенетінін жеткізді

Әнші марқұм күйеуі ақталған уақытта оның заттарын үкіметке тапсыратынын айтты

Қазақстанның халық әртісі, белгілі әнші, халықтың сүйіктісі Мақпал Жүнісова марқұм күйеуі Заманбек Нұрқаділовтің өліміне қатысты құпияның ашылатынын айтты. Ол адамдардың есімі белгілі болатынына сенетінін жеткізді, деп KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы әнші Massaget.kz тілшісіне берген сұқбатында әңгімеледі.

"Зәкең жайлы көп сөз қозғай беріп керек емес. Мен ол кісінің ақталатынына сенемін. Зәкең ақталғанда үкіметке тапсырамын деп оның қолданған заттарын, суретшілер салған портреттерді өзінің үйінде сақтап отырмын. Ол үй Мерейдің үйі. Қызым екеуміз оны барып жинап тұрамыз. Сол кісінің аруағы разы болсын деп жүрміз. Зәкеңді атқан адамдардың аты жақында белгілі болады деп сенемін", - деді әнші.