Павлодар облысында мұғалім оқушының үстінен арыз жазды
Оқушының ата-анасы жауапқа тартылды
Павлодар облысында мұғалім оқушының өзіне тіл тигізгені үшін полицияға арыз жазған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Павлодар облысы полиция департаменті оқушының іс-әрекетін ұсақ бұзақылық ретінде қарастырды. Оның ата-анасы жауапқа тартылды.
Ұсақ бұзақылыққа қоғамдық тәртіпті бұзу, соның ішінде тіл тигізу, қорлау, зорлық-зомбылық жасау немесе мүлікті бүлдіру жатады. Осы жылы Павлодар облысында ұсақ бұзақылық бойынша 1 268 адам жауапқа тартылды, олардың 51-і – жасөспірімдер.