Басты жаңалықтар

"Көктайғақ, бұрқасын жел":20 желтоқсанға арналған ауа райы

Қазгидромет еліміздің бірнеше өңірі тұрғындарына ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жасады.

Ақмола облысында бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Астанада кей уақыттарда жаяу бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Қарағанды облысының батысында кей уақыттарда қалың қар жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с-ке жетеді.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.

Алматы облысының таулы аудандарында кей уақыттарда қалың қар жауады, жаяу бұрқасын соғады. Облыстың басым бөлігінде көктайғақ болады. Жел оңтүстік-шығыс бағыттан оңтүстік-батыс бағытқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Алматыда күндіз көктайғақ.

Қостанай облысының басым бөлігінде, күндіз солтүстігінде, шығысында бұрқасын. Облыстың солтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні - 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында секундына 15-20 метрге жетеді.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) мол түседі. Кей уақыттарда көктайғақ, облыстың солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында жаяу бұрқасын. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, облыстың тау асуларында екпіні 23-28 м/с болады.

Шымкентте түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр, қар) мол түседі, көктайғақ, күндіз жаяу бұрқасын, оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Жамбыл облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында қалың қар жауады, жаяу бұрқасын соғады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 23-28 м/с болады.

Атырау облысының шығысында жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Қызылорда облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында көктайғақ, бұрқасын. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың басым бөлігінде күші - 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында қар, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында қалың қар жауады. Бұрқасын, облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында бұрқасын. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, облыстың орталығында екпіні 23 м/с болады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың оңтүстік-шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Ұлытау облысының шығысында кей уақыттарда қалың қар жауады, бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с болады.

Жетісу облысының таулы аудандарда қалың қар жауады. Түнде облыстың батыс бөлігінде, күндіз таулы аудандарда жаяу бұрқасын. Күндіз көктайғақ болады.