Қоғам

Алматыда әйелді өлтіріп, сөмкеге салып кеткен тұрғын ұсталды

39 жастағы марқұмның мәйіті бірнеше күн көлік тұрағында жатқан.

Алматыда 39 жастағы әйелді өлтірген қаскөй ұсталды. Мәйітті скотчпен матап, сөмкеге салып көшеге тастап кеткен күдікті қазір тергеушілерге жауап беріп жатыр, деп жазды KYN.KZ  тілшісі.

"Түрксіб ауданы Полиция басқармасы хабарлағандай, бұл іс бойынша күдікті ұтсалып, қамауға алынды. Қылмыстық іс аясында сот-медициналық сараптама тағайындалды",-деді Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Жантүршігерлік оқиға осыдан екі апта бұрын Түрксіб ауданында болды. Көпқабатты үйлердің арасында 39 жастағы әйелдің денесі салынған сөмке бірнеше күн бойы тұрған. Оны маңайды тазалайтын әйел алғашқылардың бірі болып көріп полицияға хабар берген. Кейін марқұм әйелді танитын, соңғы уақытта ер адаммен араздасып жүргенін көрген көршілері де табылды. Ұсталған күдікті солар айтқан ер адам ба, жоқ па, белгісіз. Өйткені тергеу құпиясына байланысты полиция егжей-тегжей ақпарат таратпай отыр.