"670 миллион теңге": Астана әкімі қаланы жаңа жылға безендіруге көп ақша бөлінбегенін айтты
Халықтың көңіл күйін көтеру үшін оны көп қаражат деп есептемейтінін жеткізді
Брифингте Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек қаланы жаңажылдық безендіруге қатысты пікір білдірді. Биыл Астана қаласын Жаңа жыл қарсаңында безендіруге бюджеттен 700 миллион теңгеге жуық қаражат бөлінген, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Елорда әкімі бұл бөлінген қаржыны көп деп есептемейтінін жеткізді.
"Биыл да, былтыр да жұмсалған қаражат көлемі бірдей. Биыл 670 млн теңге болды. Алдында мен айтып кеттім. 30 шақты алаң абаттандырылды, арнайы, жаңа жылды қарсы алу үшін. Мысалы, «Астана аренаның» қасындағы шыршаға 4-5 сағаттың ішінде, 15 мың адам сол жаққа барып балалармен демалды. Жалпы қалада тұратын халықтың көңіл күйін көтеру үшін ол көп қаражат деп есептемеймін", - деп жауап берді Жеңіс Қасымбек.