Саясат

Нұрлан Байбазаров Ұлттық экономика министрі қызметінен алынды

Тоқаев Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровты қызметінен босатты, деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Нұрлан Байбазаров премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.

Айта кетері, Байбазаров бұл қызметке 2024 жылдың ақпан айында тағайындалған еді.